«"Астана" футбол клубының барша басшылығы мен еңбек ұжымы Александр Александровичтің отбасы мүшелеріне, туған-туыстары мен жақын жандарына қайғыларына ортақтасып, терең қайғымен көңіл айтады. Оның өз ісіне деген жоғары кәсібилігі, спортқа деген шексіз берілгендігі және жас буын футболшыларды қалыптастыру жолындағы сіңірген орасан зор еңбегі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады», — деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Белгілі бапкер, футболшы Александр Лисин өмірден озды
Ашық дерекөздерден
«Астана» футбол клубының балалар мен жасөспірімдер орталығында қызмет еткен тәжірибелі маман Александр Лисин 55 жасында фәниден бақиға аттанды. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады.
Александр Александрович — Целиноград футбол мектебінің тумасы әрі тәрбиеленушісі. Ол өзінің ойыншылық мансабында әр кезеңдерде «Целинник», «Астана» және «Жеңіс» секілді бас командалардың намысын абыроймен қорғаған.
Сонымен қатар, Қазақстанның футболдан бас құрамасында және кейінірек еліміздің футзалдан ұлттық құрама командасы сапында да доп тепкен.
Александр Александрович өмірінің көптеген жылдарын «Астана» ФК құрылымындағы жұмысқа арнады. Ол өскелең ұрпақты шеберлікке баулуда, сондай-ақ еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының деңгейін көтеру жолында аянбай еңбек етіп, бар қарым-қабілетін жұмсады.
Соңғы жаңалықтар
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026