Кеше әкем "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атанды.Ести сала сүйіншілеп фейсбукке жазайын дедім де, ол ойымнан қайтып қалдым."Жетпіс үшке келген әкеме осы уақытқа дейін сонда талай жыл тұрып, еңбек еткен қаланың құрметті азаматын бермегені ме?" - деген ой келді де, айнып қалдым.Кеше әкеме "Алаш" сыйлығын бергенде де "Жұрттың бәрі алып біткен "Алашты" Мәкеңе енді беріп жатыр ма?" деген сұраққа не деп жауап жазарымды білмей қалғам.Жастайымнан әкемнің кітапханасындағы сөре-сөре кітапты ақтарып, талай ақынның өлеңін оқып өстім, талайын үйде, қонақта көрдік.Әкем жастау кезінде қазір жұрт қадір тұтатын талай ақынның дастархан басында отырып өлең оқығанын көрдім. Арасында шабыттан ба, әлде шайдың қызуымен бе, табуреткаға шығып, қолын Ленин атадай сермеп тұрып, күшеніп өлең оқитындар да болды.Бір әйгілі айтыскер ақынның есік алдында тұрған бәтеңкесін тазартып қояйын деп, аяқ киімі жыртылып, "қарны ашқанын" көріп, ішіне бір жапырақ қағазға өлең жазып, оны көрген ақын ағам таңертең жауап жазып, қым-қиғаш қағазбен айтысқан кезім де болды.Сол ақындардың бәрін сыйлаймын, мойындаймын, бірақ кім не десе де, тура менің папама ешкім де тең келмейді деп сенемін.Мың ақының бір төбе де, менің тым "скромный" әкем бір төбе. Өлеңін аласыз ба, көсемсөзін аласыз ба, бәрі де жұрттан ерек. Сондықтан, мәмләкәттік сыйлықты тарататын "көкелерге" айтып қойыңыздаршы, арасында сонау алыс Ақтөбеде тұратын, ештеңемен шатағы жоқ, еш шуға, науқанға араласпайтын менің гениальный әкемді де ескере жүрсін. Лайық қой? - деп жазды автор.
Белгілі ақын Мейірхан Ақдәулет "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атанды
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026