Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белді әскери қызметкер 10 жастағы ұлын өлтірді - іс туралы сұмдық дерек шықты

12:45, 09 маусым 2025 582

Жамбыл облысы Талас ауданында бала өліміне байланысты кейбір мәліметтер белгілі болды — деп хабарлайды ALASH.KZ HALYQSTAN тілшісіне сілтеме жасап.

Күдікті ретінде ұсталған ер адам — әскери қызметкер. Қайғылы жағдай оның әйелі үйде болмаған кезде орын алған. 

Қақтығыстың нақты себебі мен басқа балаларға күш қолданылған-қолданылмағаны туралы Жамбыл облыстық білім басқармасы тергеу құпиясына байланысты түсініктеме бермеді.

Полиция бұл фактіні растады, күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Бірақ өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.

Істі Тараз қаласындағы әскери-тергеу басқармасы жүргізуде.

Қаза тапқан бала туралы: ол Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы болған. Талас ауданында оның әжесі мен атасы тұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар