Мұхамеджан Тазабектің қызын ұзатқаны хабарланды. Ұзату тойында жыр айтқан Бекболат Тілеухан қонақтардың ықыласына бөленіп, олжалы болған, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.
Түркістан порталвның хабарлауынша, жыр айтып тұрған Бекболат Тілеуханның видеосын танымал продюсер Айсауле Әбілда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сол кеште Бекболат жырау 15 жылқы, 1 түйе және 1 темір тұлпар иеленген.
«Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта, себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!», - деді продюсер Айсауле Әбілда.