Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байжанов таза қу: Салтанаттың денесінен бірге құтылғысы келді

02 мамыр 2024 4347

Прокурор Байжановтың қулығы туралы айтты.

Айжан Аймағанова өз сөзінде сотталушы Байжановтың айлакер және ең ұтымды айланы таңдағанын атап өтті.

«Ол Бишімбаевты қысым көрсетті деп айыптады. Сондай-ақ, Байжанов орыс тілін білмейтінін алға тартты , алайда Байжановтың куәлік етуіне ешнәрсе кедергі болған жоқ.

Оның айтуынша, Байжанов Бишімбаевтың қылмысын жасыру үшін VIP кабинаны жауып, кейін қызметкерлерді жұмыстан шығарып, мейрамхананы жауып кеткен. Содан кейін ол барлық видеоларды өшіріп, бақылау камераларының көзін құртқан. Байжанов Нүкенованың телефонын әдейі қала бойы аралап жүрген.

Ол Бишімбаев пен Байжанов бар айғақты жасырып, Салтанаттың денесінен құтылғысы келгенін айтты. Олар Салтанатты фитнес залда жүргендей етіп жасады Ал олкезде Нүкенова әлдеқашан қайтыс болған.

Сондай-ақ, тергеушілердің айтуынша, Байжанов аммиакты Салтанаттың есін жиғызу үшін емес, VIP кабинадағы қан іздерін, саусақ іздерін және кісі өлтірудің басқа да дәлелдерін жою үшін әкелген.

Айжан Аймағанова алқабилер мен судьяға іс материалдарымен танысып, өзіне сенуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?