Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байжанов барлық шындықты айтып Бишімбаевтың туған күніне сыйлық жасады

14:05, 11 сәуір 2024 645

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деген күдікпен сотталушы Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы Астанада жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында екінші айыпталушы Байжанов Бишімбаевтың өзіне айтылған сөздерінің барлығын жайып салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның айтуынша, Бишімбаев Салтанатпен бірге тұрған тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі видеоны да өшіруді сұраған. 

“Мейрамханадағы қайғылы оқиғадан 2-3 ай бұрын Бишімбаев Салтанатпен бірге тұратын Тұран 5/6 тұрғын үй кешенінен бейнежазбаны алып тастауымды өтінді. Менің ойымша, олардың арасында жанжал болды. Қуандық көршілердің оны көргенін немесе бейненің әлеуметтік желілерде тарағанын қаламады. Содан мен басқарушы компанияның кеңсесіне, Пәтер иелері кооперативі төрағасы Гүлнұрға бардым. Ол менің көз алдымда видеоны өшіріп тастады. Енді Пәтер иелері кооперативі төрағасы Гүлнұр менің өтінішім бойынша видеоны өшіргенін жоққа шығарып отыр. Ол бейнені өшірмеуі керек еді, бұл оның жұмысына зиянын тигізуі мүмкін”, – деді Байжанов. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар