Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баян Мақсатқызы атышулы Бишімбаев соты туралы кино түсіріп жатыр

09:39, 17 тамыз 2024 503
Фильмнің аты – "Жалғыздық" деп аталады. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы азаматтық некедегі әйелін қатігездікпен өлтірді деп сотталған экс экономика министрінің соты негізінде жаңа фильм түсірмекші, деп хабарлайды Alash.KZ. 
 
Баян Мақсатқызының сөзінше, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.

"Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни, осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын, 10 рет ойлану керек. Ал бұл фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін. Көрермен жинайтын жақсы туынды болмақ. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек", – дейді жоба авторы.

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы inbusiness.kz сайты жазды.

Бұған дейін, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін қазақстандықтардың көзайымына айналған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар