Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бауыры мен бүйрегі езіліп кеткен: Өгей әкесіне қатысты сот отырысы өтуде

14:30, 16 сәуір 2024 587

Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінген 19 жастағы өгей әкесіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 

Сот отырысында балабақша тәрбиешісі куәлік етті.

Сағат 9:30-дар шамасында баланы алып келді, киімдерін шешкенде беті көгергенін байқадым. Кабинеттен шығып келе жатқанда ол құсып жіберді. Құсқаннан кейін киімін ауыстырып жатқан сәтте баланың өзінен «не болды» деп сұрағанымда «әкем ұрды» деп жауап берді, - дейді.

 Баланы ұрғаннан бауыры мен бүйрегі езіліп кеткен, ішегі үзілген. Күдікті кінәсін мойындамай отыр. 

4 жастағы Хантөре балабақшаға бар болғаны 17 күн барған. Жантүршігерлік оқиға былтыр қыркүйек айында болды. Қатты соққы алған Хантөре бес күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар