Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстан облысында 12 234 гектар жер мемлекетке қайтарылды

06:42, 05 ақпан 2024 284

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы мемлекетке 231 млн. теңге соммасында жер телімдері қайтарылғанын мәлімдеді.



Атап айтқанда, Шыңғырлау ауданында жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтарымен жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтындығы анықталды, делінген хабарламада. 

Қазір прокуратурамен жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізілді.

Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн. тг. соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар