Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батырлар ислам үшін соғысты: Актер Ғалымжан Құрманбектің үстінен арыз жазылмақ

17:09, 30 шілде 2024 704

Актер Ғалымжан Құрманбектің үстінен арыз жазылғалы жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр жер үшін емес, Ислам діні үшін соғысты» деп айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. 

Әзілкеш атымен жұртқа танылған Ғалымжанның бұл сөздері жұрттың ренішін тудырып, оны айтқан сөздері үшін заң алдында жауап берін талап етіп, ресми шағым түсірмек. 

Дәл қазіргі кезде қоғам белсенділері, журналист, заңгер, тарихшы, дінтанушылардан құрылған бір топ азамат ресми шағымды әзірлеу үстінде.

Қазақтың иен даласында қолға ұстар, көзбен көрер нақты дәлел ретінде күні бүгінге дейін жатқан таңбалы тастарды айтпағанда, қазақ жерін қорғағанын айғақтап, мөрі басылып, тарихи тұлға  ретінде танылған Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыз дін үшін емес, қазақтың даласын қорғау жолында соғысқаны әлемге мәлім.

Өкінішке қарай, діни наным-сенімін ұлттан жоғары қоятын кейбіреулер осыған дейін салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жоққа шығарғаны аздай, енді мысықтабан жүріспен тарихымызға да ауыз салмақ ниетіне көшкендей.

Мың жерден әлдебір тылсымға сеніп, әлдебір дінге бас ұрсақ та, атадан балаға мұра болып қалған тарихты жоққа шығару — тұтас ұлтқа жасалған қастандық емес пе? Тарихты бұрмалау арқылы Ғалымжан Құрманбектің көздеген мақсаты не?

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар