Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.
“Дос кім, туыс кім басыңа іс түскенде беледі екенсің. Мен ешкімнен ақша сұраған жоқпын, тек менің жағдайыма қатысты соттың шешімі әділ ме соған пікір білдіріп, қолдау жасаңыздаршы дедім.
“Маған сенім артуыңа болады” - дегендердің көбісі бұл жағдайда сырт айнала салды. (Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, өздері біліп отырған шығар…) Алланың мейірімі шексіз ғой, тар жол тайғақ кешіп жүргенде жүрегінде иманы бар жандарды жолықтырып, жарға келіп тірелген тірліктің оңға қадам басуына бар көмегін көрсеткен, Қайрат Реимов мырзаға, басқа да азаматтарға айтар алғысым шексіз. Жаратқан жандарыңызға нұрын шашсын, Алла разы болсын”,- деп жазды Айсұлу Айданқызы.