Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Басымнан сондай жағдай өткен…»: Роза Рымбаева ешкімге айтпаған жан сырын ашты (ВИДЕО)

11:41, 16 сәуір 2026

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін оқиғасын айтты, деп жазады Alash.kz. 

Әнші екі ұлынан бөлек, туысқандарының екі қызын асырап алып, аналық мейірімін төккенін жеткізді. Бұл туралы мәлімдеме Құралай Анарбекованың жаңадан жарыққа шыққан «Періште» фильмінің тұсаукесері барысында жасалды. Өнер иесі бұл қадамына өмірлік қиын жағдайлар себеп болғанын атап өтті.

Халық сүйіктісінің айтуынша, бұл оқиға оның жолдасының әулетінде орын алған қайғылы жағдайдан кейін басталған. Жолдасының ағасы дүниеден өткен соң, Роза Қуанышқызы жеңгесінің екі қызын өз қамқорлығына алуды ұйғарған. Ол бүгінде бұл қыздардың есейіп, өз алдына отау құрғанын, тіпті немере сүйіп отырғанын мақтанышпен тілге тиек етті.

Тұсаукесерде сөз алған әнші өз өміріндегі бұл маңызды кезеңді былай деп сипаттады:

«Менің де басымнан сондай жағдай өткен. Күйеуімнің ағасы қайтыс болғанда, жеңгемнің екі қызын қолыма алып, өз балаларымдай өсірдім. Қазір олар ер жетіп, өз алдына отбасы құрды, балалы болды. Мені туған анасындай көреді». 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар