Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басымнан өткен қиындықтар туралы фильм түсіру ойда бар - ЕЛДОС СМЕТОВ

11:36, 29 тамыз 2024 399

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстан ұлттық арнасына эксклюзив сұхбат берді. Ол бұл сұхбатында өзі туралы фильм түсіретінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстан ұлттық арнасында, тележүргізуші Айкерім Есенәліге эксклюзив сұхбат берді. Спортшымыз жетістікке жетудегі жүріп өткен жолы мен алдағы жоспарларын бөлісті. 

Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан алтын алған соң спорттағы карьерасын аяқтаймын деп ойлағанын, бірақ қазір ойы өзгеріп, келесі Лос-Анжелесте болатын Олимпиадаға баруды жоспарлап отырғанын ашық айтты. 

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов. 

Чемпионымыз алдағы уақытта жеңіс жолы туралы, көрген бала мотивация ала алатындай кино түсіру ойда бар екенін де осы алғашқы сұхбатында айтып берді. 

«Тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Басымнан өткен қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», - дейді Олимпиада Чемпионы Елдос Сметов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар