Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Басқа елге жасырын түрде көшуі мүмкін» - Зеленскийдің болашағы туралы саясаттанушылар тың болжам жасады (ВИДЕО)

15:10, 12 желтоқсан 2025

Украина президенті Владимир Зеленскийдің қазіргі жағдайы аса күрделі күйге түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Украина басшысының елден кету ықтималдығы қарастырылып жатқаны туралы саяси болжамдар пайда болды. Бұл туралы неміс саясаттанушысы Патрик Бааб Deep Dive атты YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Баабтың айтуынша, Зеленский “өте қауіпті әрі белгісіз жағдайда” қалған.

“Зеленскийдің жалғыз амалы – америкалық арнайы қызметтердің көмегімен басқа мемлекетке жасырын түрде көшуі мүмкін”, — деді саясаттанушы.

Оның пікірінше, украин әскерінің қазіргі мүмкіндігі соғыс барысын түбегейлі өзгертуге жетпейді. Майдандағы сәтсіздіктер саяси қысымды күшейтіп, Зеленскийді жауапкершіліктен қашу үшін басқа елге көшуге итермелеуі ықтимал.

Бұған дейін The National Interest те дәл осындай болжам жасаған. Басылымның жазуынша, соғыс даласындағы тұрақсыздық пен үздіксіз қысым президентті Израильге қоныс аудару туралы ойландыруы мүмкін.

Ал журналист Пол Стейган өз материалында АҚШ әкімшілігі Зеленскийден “бас тарту жоспарын” қарастыруда деген пікір айтқан. Оның сөзінше, Вашингтон Украинадағы қақтығысқа қатысты өз саясатын толық қолдамайтын Зеленскийден шаршаған болуы ықтимал.

Материалдағы барлық болжамдар — сарапшылардың жеке пайымдары. Ресми тараптар Зеленскийдің елден кету мүмкіндігі туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар