Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов журналиске қазақша жауап бере алмай, ұятқа қалды (ВИДЕО)

14:00, 11 желтоқсан 2025

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов баспасөз мәслихатында журналистің қазақша сұрағына жауап бере алмай, күлкіге қалды, деп жазады Alash.KZ.

Ол компанияның қарызы туралы сұраққа жауап берерде ауыр күрсініп, мүдіріп қалды. Кейін өзінің орнына орынбасары жауап беретінін айтты. 

Бұл брифингте болған бір ғана жағдай емес. Кейбір қазақша сұрақ қойған журналистер компания басшысының жауабын түсінбегенін айтты. Видеоны көрген кейбір желі қолданушылары жағдайды Алдыбергеновтің қобалжуымен байланыстырды. Алайда ол брифингте орысша сауалдарға мүдірмей, толық жауап берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар