Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда табиғи газдан 52 адам уланып қалды

16:15, 11 желтоқсан 2025

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пойызда табиғи газдан уланған жолаушылардың жағдайына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Оқиға туралы хабар түскен бойда оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Ведомствоның дерегінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар. Жолаушылардың барлығы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Тексеру нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі – жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Қалған азаматтар тексеруден өтіп, қажетті көмекті алғаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді.

«Ауруханаға түскендердің жағдайы дәрігерлердің үздіксіз бақылауында. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар