Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Шұғыл: Алматыда 24 жастағы бойжеткен өлі табылды

15:55, 12 желтоқсан 2025

Алматының Түрксіб ауданында бүгін ауыр жағдай тіркелді. 24 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қыз «Радужный берег» тұрғын үй кешенінен пәтерді небәрі бір тәулікке жалдаған. Алайда ол үшін бұл соңғы күн болыпты.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Бұл суицид пе, әлде күтпеген жағдай ма — тергеу анықтайтын болады.

Полиция бұл ақпаратты растады:

«Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 24 жастағы қыздың қаза болу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ПД өкілдері.

Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар