Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үсіп қалды" - "Қайраттың" ойыны үшін Астанаға келген испаниялық журналист жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

15:08, 11 желтоқсан 2025

Испаниялық спорт журналисі Рафаэль Эскриг Астанада өткен «Қайрат» – «Олимпиакос» матчын УЕФА Чемпиондар Лигасы тарихындағы «ең суық ойын» деп атады. DAZN тілшісі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялап, әсерімен бөлісті, деп мәлімдейді Alash.KZ.

Журналист елордадағы ауа райының қаталдығын ерекше атап өтті.

«Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең суық матч – дәл осы жерде, Астанада өтті. Минус 30 градустың қандай екенін өмір бойы ұмытпаймын…» – деп жазды ол матч алдындағы видеосына түсініктеме ретінде.

Жарияланған кадрларда Эскриг «Астана Арена» маңында қалың киімге оранып, қатты аяз туралы сөз етеді. Ол мұндай ауа райында сыртта бірнеше минут жүрудің өзі қиын болғанын айтады.

Матч күні елордада синоптиктер –30°С суықты ескертіп, қатты аяз салдарынан дизельмен жүретін автокөліктердің қаладан шығуына уақытша шектеу қойылған болатын.

Ойынның өзі жабық шатырлы «Астана Аренада» өткендіктен, стадион ішіндегі температура біршама тұрақты болды. Соған қарамастан, сырттағы табиғат жағдайы матчтың ең есте қаларлық ерекшелігіне айналды.

Осы суық кеште «Қайрат» алаң иесі ретінде өнер көрсетіп, «Олимпиакосқа» есе жіберіп, Чемпиондар Лигасындағы бесінші жеңілісін тіркеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар