Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“6,7 балл. Цунами қаупі жоғары” - Жапониядағы сұмдық жер сілкнісі елді шошытты

12:11, 12 желтоқсан 2025

12 желтоқсанда Жапонияның Аомори префектурасының шығыс жағалауында 6,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Тынық мұхитында, шамамен 20 км тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Жапония билігі елдің солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтары үшін цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Қауіп аймағына Хоккайдо аралының Тынық мұхитындағы жағалауы, Аомори, Иватэ және Мияги префектуралары кіреді. Күтулі толқын биіктігі – 1 метрге дейін болуы мүмкін.

Бұл соңғы бірнеше күндегі сол аймақтағы екінші ірі жер сілкінісі болып отыр. 8 желтоқсанда Аомори жағалауында 7,5 магнитудасымен жер сілкінісі тіркеліп, 3 метрге дейінгі цунами қаупі жарияланған еді. Сол оқиғадан 30-дан астам адам зардап шеккен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар