Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Электронды темекі үшін пышақтаған» - Тараздағы оқушы қазасы туралы жаңа дерек шықты

09:11, 12 желтоқсан 2025

Таразда 1 қыркүйек күні 14 жастағы оқушыны пышақтап өлтірген кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жасөспірімдер қатысқандықтан, сот процесі жабық түрде өтті. Арнайы межрайондық соттың баспасөз қызметі хабарлауынша, айыпталушы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы «бұзақылық ниетпен адам өлтіру» бабы бойынша жауапқа тартылған.

Бұған дейін полиция жанжал электронды темекіге байланысты туғанын мәлімдеген, алайда нақты оқиға желісі жарияланбаған еді. HALYQSTAN арнасы анықтағандай, іс бойынша кәмелетке толмаған куәгер өткен. Электронды темекі соған тиесілі болған. Ол құрылғыны танысына уақытша беріп, кейін қайтаруын сұраған.

Құрылғыны қайтармаған соң, куәгер танысымен кездесуді белгілеп, қасына досын ертіп барған. Сол кездесуге айыпталушы ас үй пышағын алып барған. Келіспеушілік кезінде ол пышақпен 14 жастағы жасөспірімді кеудесінен жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Прокурор соттан айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қаза тапқан баланың анасы оны кешірмейтінін айтып, заң шеңберінде қатаң жаза қолдануды талап етті. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот шешімімен кәмелетке толмаған айыпталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, оның заңды өкілінен жәбірленуші тарапқа 8 млн теңге көлемінде материалдық өтемақы өндіру міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Жәбірленуші тарап әзірге шағымға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар