Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ахмет Байтұрсынұлы әуежайына қомақты айыппұл салынды

12:05, 11 желтоқсан 2025
 

Қостанай облысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты тексеруді аяқтады. Тексеру әуежайдың әуежанармай бағасын көтеруіне байланысты жүргізілген, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Dalanews.kz порталына сілтеме беріп.

Бұл ақпаратты "ҚазАқпарат" растады. Департамент басшысы Дастан Саменнің мәлімдеуінше, тексеріс нәтижесінде компанияға 8,4 млн теңге айыппұл салынып, нарықтық көтерме баға арқылы алынған кірісінен 8,1 млн теңге тәркіленген.

Сонымен қатар, әуежайға антиконкурстық заңнаманы бұзуды жою туралы нұсқау берілді. Оның орындалу мерзімі де әлі белгіленген жоқ.

Департамент мәліметінше, әуежанармай құнының өсуі жолаушылардың билет тарифіне әсер етпеген және әуекомпания билеттерінің бағасы өзгермеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" әуежанармай сату құқығы үшін алынатын төлемді күрт көтергені үшін тексеріліп жатқан еді.

Бұл төлемдердің көбеюі тікелей әуе кемелерін жанармаймен қамтамасыз ету құнына әсер етеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жобалық қорытындысына сәйкес, өткен жылдың тамызынан бастап әуежай бір тонна үшін алынатын төлемді 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін көтерген (ҚҚС есепке алынбайды). Биылғы жылдың ақпанынан бастап бұл төлем 60 137 теңге болып белгіленген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар