Ислам Әмірлігі Ауғанстанның жоғары білім министрі шейх Нада Мұхаммад Надим халықаралық қара тізімге ауған шенеуніктерінің енгізілуіне пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
«Егер біз қара тізімнен қорқатын болсақ, сіздермен 20 жыл соғысқа түспес едік. Бізге күнәһарлардың қара тізімінде болу — мақтаныш. Бізге сіздердің ақ тізіміңізде болудың қажеті жоқ — Алланың алдында біздің беттеріміз таза болса болды», - деді ол.
Еске салайық, «Талибан» қозғалысының жаңа үкімет құрамындағы өкілдері АҚШ пен НАТО-ның қара тізіміне енген. Мысалы, уақытша Ішкі істер министрі Саражуддин Хаккани «Хаккани желісі» террористік топты басқарады, ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялық тізімінде бар. Сонымен қатар, АҚШ Хаккани ұсталуына 10 миллион доллар сыйақы тағайындаған.