Соттың мәлімдеуінше, мұндай бастама Негізгі заңға қайшы келеді, сондықтан Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жоба референдумға шығарылмайды, деп жазады Alash.KZ.
Қырғызстан — Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына қатысушы ел. Бұл құжат өлім жазасын толық және түпкілікті жоюды көздейді және одан бас тарту мүмкіндігін қарастырмайды.
Осыған сәйкес, ел өлім жазасын қайтармау жөнінде халықаралық міндеттеме алады. Оны ұлттық заңнамада бекітуге жасалған кез келген әрекет халықаралық келісімдерді бұзу болып саналады, бұл Конституция талаптарына және міндеттемелерді адал орындау принципіне қайшы.
Еске салайық, 17 жастағы Айсұлудың қатыгез өлімінен кейін президент Садыр Жапаров балаларды зорлау және зорлаумен ұштасқан адам өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын енгізу туралы Конституцияға өзгерістер жасау бастамасын көтерген еді.