«Dala SK Construction» серіктестігі мен сонымен байланысты бірқатар компания екі жыл бойы рұқсатсыз тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан, деп жазады Alash.KZ.
Үлескерлерді тарту үшін түрлі интернет-ресурстарда пәтерлерді нарықтан төмен бағамен жарнамалаған.
Алайда тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған.
"2024 жылы құрылысты тоқтату бойынша сот шешіміне қарамастан, үлескерлерді тартуды жалғастырып, 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілерге тиесілі 2 пәтер, 10 жер учаскесі мен 6 автокөлікке тыйым салынып, ұйымдастырушы қамауға алынды.