Алматыда пойызда кино түсіріп жүріп, уланып қалған балалардың жағдайы туралы дәрігерлер шұғыл мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына 12 бала жеткізілген.
Орталық директорының орынбасары Тоқтар Құрметбектің айтуынша, балалар кастинг кезінде өзін жайсыз сезінген.
«15 жасар екі қыз баланың жағдайы ауыр деп бағаланады. 9 баланың жағдайы – орташа ауыр, бір баланы ата-анасы үйіне алып кетті», - дейді ол.
Полиция «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.