Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ашып айтқым келеді…» Сүйінші! Жұлдыз Сүлейменова бар қазақты қуантатын жаңалықты бөлісті

14:15, 12 желтоқсан 2025

Қазақстандағы мектеп бағдарламасына қатысты соңғы күндері туындаған даулы мәселеге айналған физика, химия және биологияны бір пәнге топтастыру бастамасына Оқу-ағарту министрлігі ресми жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматыда өткен II халықаралық жас ғалымдар конгресінде сөйлеген сөзінде министр Жұлдыз Сүлейменова қоғамда тараған ақпаратқа түсінік берді. Ол жаратылыстану бағытының негізгі пәндері жеке оқытылатынын, оларды біріктіру жоспарда жоқ екенін қадап айтты.

«Бір нақты мәселенің басын ашып айтқым келеді. Қазір жаратылыстану пәндерін, оның ішінде физика, химия және биологияны біріктіру жөніндегі ұсыныс қызу талқыланып жүр. Алайда, Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын анық білдіреді. Бұл пәндер біріктірілмейді» - деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, әр пәннің мазмұны мен ғылыми негізін сақтау — мектеп бағдарламасының басты талабы. Сондықтан олардың бір пәнге біріктірілуіне негіз жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар