Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне құттықтаулар мен тілектер

14:01, 12 желтоқсан 2025

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Alash.kz ұлттық порталы ізгі тілектер тізімін ұсынады. 

 

1.           Құрметті ____________________________________

Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды еліміздің айтулы күні  – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Сан ғасырлық ұлы дүрбелеңнен кейін еркіндік есігін айқара ашып,  ашық аспанда көк байрағымыз желбіреп, халқымыз жарқын болашаққа қадам басты. Тәуелсіздік – ел мен жеріміздің мызғымас тірегі! Тәуелсіздік – тіл мен діліміздің  алтын діңгегі! Тәуелсіздік – бірлік пен берекенің анық кепілі! Олай болса, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!  Мемлекетіміз өркениетті елдер көшіне ілесіп, көркейе берсін!


2.            Құрметті ұстаздар қауымы, Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

16 желтоқсан    азаттық таңы атып, ата-бабамыз аңсаған асқақ арманның орындалған Ұлы күні!  Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды ұлықтап, білім мен тәрбиенің нәрін сеуіп, адамдықтың диқаншысы атанып, рухы биік, намысы берік ұрпақ тәрбиелеуде Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз! Осындай маңызы бар тарихи мерекеде  Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!


3.             Құрметті отандастар!

Еліміздің еркіндігі мен егемендігін паш еткен Ұлы мерекеміз  – Тәуелсіздік күні құтты болсын!  1991 жылдың 16 желтоқсаны – тарихта алтын әріптермен көмкерілген  айрықша белес. Бірлік пен ынтымақты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында өркениетті елдер қатарынан сап түзеп, қарыштап дамуда.  Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрақталып, халқымыздың  ырыс-құты артуда, бақ-берекесі тасуда. Еңбегіміз елеулі, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болғай!


4.            Құрметті жас дос! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Сен – Тәуелсіз Қазақстанның, еркін, азат елдің азаматысың!  Алға қойған мақсатың анық, мұратың биік, рухың берік  болсын! Ел ертеңіне сеніммен қарап, жаңалыққа құштар болып, ғылым мен білім іздеп,  ата-баба аманат еткен ел мен жердің  дамуы үшін өз үлесіңді қосу – сенің қасиетті борышың! «Білекке сенер заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік» деген бабалар өсиетін жадыңда мықтап ұста! Ел тірегі – білімді жастар екенін ұмытпа! 


5.            Құрметті ағайын!

Талай ғасыр ата-бабаларымыз аңсаған Ұлы мереке – Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Азаттық таңы атып, өз елі мен жерінің иесі атанып, бақ-берекесі тасып, тілін аялап, дінін танып, салт-дәстүрін ардақтап, болашаққа сеніммен қарап, бүгінде қазақ баласы марқаюда! Шүкіршілік етеміз!  Ұрпағымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын, рухы биік болсын!  Болашағымыз жарқын, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!


6.           Құрметті әріптестер!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың бірлігі мен еркіндігінің символы. Бүгінгі күнде ел тыныштығы, ұрпақтың бақыты мен болашағы әрбіріміздің еңбегімізге байланысты. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын, еңбек жолында табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еліміз гүлдене берсін!


7.          Құрметті достар!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
16 желтоқсан – азаттыққа қол жеткізгенімізді, ата-бабамыз армандаған бейбіт елді қолымызға алғанымызды паш ететін күн. Біз бірлігімізді сақтап, ел ертеңі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Әр қадамымыз ел дамуына үлес қоссын, болашағымыз жарқын болсын!

 

8.         Құрметті оқушылар мен студенттер!
Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Сендер – еркін, тәуелсіз Қазақстанның болашағысыздар. Білім мен өнерге талпынып, елді дамытуға өз үлесіңізді қосыңыздар. Елдің абыройы мен бейбіт өмірі – сендердің қолдарыңызда. Тәуелсіздігіміз мәңгі, болашағымыз жарқын болсын!



                                                                                                                    Автор: Alash.kz

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар