2024 жылдың 28 желтоқсанында Ферғана қаласының ІІБ тергеу бөлімі екі жасар балаға қараған бала күтушіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің “Қауіпте қалдыру” туралы 1-бөлігі бойынша қозғалды.
Белгілі болғандай, 1988 жылы туған азаматша 2022 жылы туған қызын барлық қажетті құжаттарды ресми түрде рәсімдеп, бала күтушісінің қамқорлығына тапсырған. Өзі Ресей Федерациясына табыс табуға кеткен.
Әйел бала күтушінің қызметі үшін үнемі ақша аударып отырған және қызының барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету шығындарын өтеп отырған. Алайда, 2024 жылдың 15 қарашасында бала күтуші азаматшаның кәмелетке толмаған қызының баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғанына қарамастан, медициналық мекемеге жүгінбеген. Бұл жарақаттар баланың өміріне қауіп төндіретіндей ауыр болған.
Осы оқиға қылмыстық іс қозғауға негіз болды.
Айыпталушы азаматша екі жылға дейін түзеу жұмыстарына сотталуы мүмкін.