Мәулен Әшімбаев елдегі жаңа саяси партиялардың құрылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Қазақстанда халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мақсат тұтқан «Әділет» атты жаңа саяси ұйымның құрылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елдегі саяси бәсекелестіктің артуын қолдайтынын жеткізді. Палата спикері жаңа партиялардың пайда болуы демократиялық процестердің заңды көрінісі екенін атап өтті.
Сенат төрағасы өзінің «Amanat» партиясының мүшесі екеніне қарамастан, өзге саяси күштердің алаңға шығуына ешқандай қарсылығы жоқ екенін ашық айтты. Оның пайымдауынша, кез келген жаңа ұйым өз бағытының дұрыстығын сайлаушылар алдында дәлелдеуі тиіс.
Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты ұстанымын былай деп түйіндеді:
«Өздеріңіз білесіздер, мен Amanat партиясының мүшесімін. Бірақ бұл жаңа партиялардың құрылуын құптамаймыз деген сөз емес. Жаңа партиялар құрыла берсін. Өз бағдарламалары мен идеяларының қаншалықты сұранысқа ие екенін бәсекеде дәлелдесін».