Бас сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарды халықты қабылдау пунктінде 16:00-ге дейін қалуға шақырды.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, афтершоктар қайталануы мүмкін, бірақ қуаты азаяды.
«Қазір сейсмикалық жағдайды бағалау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Сабыр сақтап, халықтау қабылдау пункттерінде 16:00-ге дейін қалуға шақырамыз. Комиссия қорытындысы қосымша жарияланады», – деді сейсмолог маман.