Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

09:32, 06 наурыз 2024 458

Бас мүфти Рамазан айының басталуына орай кәсіпкерлерге үндеу жасады.

«Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айрықша атап өткіміз келеді»,-деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ол тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну  – сауапты іс деп атады.

«Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Сонымен қатар барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешені сынды маңызды ғимараттарға аз да болса үлес қосып, белсенділік танытуға шақырамын», - деді Бас мүфти.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?