Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас мүфти кәсіпкерлерге ерекше үндеу жасады

12:16, 19 ақпан 2026

Бас мүфти кәсіпкерлерді Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға шақырды, деп жазады Alash.KZ.

«Отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық«, – деп жазды Бас мүфти әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Бас мүфти қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірінің бағасы халыққа қолжетімді болуы керек екенін атап өтті.

«Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз», – деп үндеді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар