Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram-да хабарлады.
Бұл өзгеріс Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңесте жасалған.
- Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
- 2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылатыны айтылады.