Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде орын алған қайғылы жағдайдан кейін белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова сіңлісі, танымал блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Блогердің мезгілсіз өлімі туған-туыстары мен қалың жұртшылықтың қабырғасын қайыстырып, желі қолданушылары арасында үлкен қайғы туғызды. Жанашыр бауырынан айырылып, іші өкінішке толған продюсер марқұмның ешкімге ұқсамайтын көркем мінезі мен адамгершілік қасиеттерін еске алып, оқырмандарын қатардағы жақындарды тірісінде қадірлеуге шақырды.
Жанына батқан ауыр қайғыны бөліскен Гүлзира Айдарбекова өз жазбасында бауырының адами болмысын ерекше атап өтіп, былай деді:
«СӘУЛЕШІМ, аз өмірді бағалау керек екенін меңзеп кеткендей болды маған. Қоршаған ортаңыздағы жақындарыңызды барында бағалаңыздар! Өте жақсы жан еді. Еш уақытта өсек айтпайтын, ешбір адамды жамандамайтын ең мықты қасиеті еді».
Продюсер өлімнің хақ екенін білсе де, жақын адамның орны толмайтынын және желідегі толассыз көңіл айту хаттары жүрегін одан сайын ауыртқанын жеткізді:
«Бәріміздин мекеніміз бір, ертелі-кеш кетеміз деп өзімізді жұбатқанмен, өкініш өртей береді екен. Бір жақсы адамыңнан айырылғаның ішіңді өртей береді… Қаншама рет Сәулемен әлемнің түкпір-түкпіріне барып еді. Естелік болып қаларын кім ойлаған… Не деген толассыз хаттар, пабликтің қайсысын ашсаң да — Сәулешім…».

