Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Барынан жоғы... Күніміз соған қарамасын!»: Белгілі актердің экс-жұбайы бар шындықты айтты (ФОТО)

17:17, 23 қыркүйек 2026

Белгілі актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары, актриса Фариза Ещанова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, бұрынғы күйеуінен алимент алудың қиындығы мен балаларды жалғыз асырап отырғанын айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Актриса өзінің Instagram парақшасында жылдар бойы бұл мәселені жасырып, үндемей келгенін, бірақ енді шыдай алмағанын жеткізді. Оның айтуынша, алимент алу өте қиын, тіпті соңғы 4 айға жуық уақыт бойы ешқандай қаражат түспеген. Екі баланың емі, дәрі-дәрмегі, сабаққа дайындығы мен қыстық-жаздық киімдерінің шығыны толығымен өзінің мойнында екенін хабарлады. Сонымен қатар, ол балалары тіпті 1000 теңге сұраса да әкесінен "жоқ" деген жауап алатынын, балалар кейде жасырын сұрағанда оны телефонындағы Kaspi қосымшасынан көріп қоятынын айтты. Актрисаның сөзінше, бұрынғы күйеуі той-томалақта сәнденіп жүргенше, балаларына ем-дом, тамақ пен киім-кешек алып бергенін қалайды. Тіпті балалар ата-әжесінің үйіне барғанда да бұрынғы күйеуі таксиге ақша төлей алмайтынын, ал үлкен баланы 1-де 1 рет алып қыдыртпай, тек осы жазда ғана алып кеткенін айтып өкпесін білдірді. Фариза Ещанова өзі сияқты еркектің де, әйелдің де рөлін атқарып жүрген аналардың көп екенін тілге тиек етті.

«Алиментті алу қиынның қиыны, бірде көл, бірде шөл! Почти 4 ай алмадық, даже сұрамаймыз салғанша! Қалғаны өзімнің мойнымда, емі, дәрісі, сабаққа киімі, қыстық-жаздық киімін алып бермейді, сұрамаймыз да. Балам 1000 теңге сұраса да жоқ дейді. Намыстанып сұрама деп ұрысамын, кейде тығылып сұрайды. Телефонынан Kaspi-інен көріп қоямын! Өзіммен еріп келген бала сиқты екеуі де, хотя соның мойнында ғой асырау, киіндіру. 1000 теңге мен 1 ручка әпермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін мен. Тойларда өзі керім болып киініп жүргенше алименті мен балаларына киім-кешек немесе еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой шіркін! Балаларды 1 де 1 рет алып қыдыртпаған, үлкенді осы жазда ғана алып кетті. Қалған кезде қолымызды жаймаймыз, күніміз соған қарамасын. Мен сияқты аналар өте көп! Олар айтпайды, жар салмайды, үндемей жасайды! Біз еркектің, әйелдің рөлін алып алғанбыз! Жылауды, сұрауды білмейміз! Көмек керек болса, жақындарымыздан сұраймыз! Жанымызды тесіп бара жатса да, намыстанып соның 5,10 теңгесін алмаймыз! Айтпайын деп едім тілімді қышытты!» — деп жазды актриса.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар