Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бәріне ыңғайлы адам болғым келмейді” - Сабина Алтынбекова жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты

20:45, 23 тамыз 2025 457

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жеке басындағы құндылықтар мен ажырасуы туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Өмірінің 15 жылын үлкен спортқа арнаған Сабина Алтынбекова YouTube желісінде Динара Сатжанға сұхбат берді. Жақында 5 жыл тату-тәтті бірге тұрған жарымен некесі сәтсіз аяқталғанын жариялаған спортшы тұрмыстық өмірге дейінгі күндерімен қазіргі өмірін салыстыруға келмейтінін, өзінің біршама есейгенін айтты:

Тұрмысқа шықпай тұрғандағы Сабина мен қазіргі Сабинаның арасы - жермен көктей. Қазір өзін қабылдай алатын, өзін жақсы көретін және сыйлай алатын, өз бағасын білетін әйелге айналдым деп айта аламын.

Динара Сатжанның сұрақтарына еркін жауап берген Сабина бұрынғы мінез-құлқы мен әдебінен тыйылғанын, қазір ешкімнің алдында кішірейгісі келмейтінін де тілге тиек етті:

Өмір - әділетті. Әрдайым өзімізге, ісімізге есеп бере алуымыз тиіс. Мен қай жаста болсам да, үнемі сөзіме, іс-қимылыма бақылау жүргізуге тырысатынмын. Біреуді ренжітіп алмауға тырысатынмын. Қазір олай емес. Өзімді осылай қабылдауды үйрендім. Қазір ыңғайлы адам болғым келмейді.  Мен ешкімнің алдында кішірейгім келмейді. Осы сәттен ләззат аламын. Мен қазір “Иә, мен танымал адаммын! Мен осындаймын! Мені қабылдаңыздар!” деп айта аламын.

Қандай жағдай болмасын, өмірге позитивпен қарайтын волейболшыға журналист бұрынғы жары туралы сұрақтарды жиі қоюға тырысқанымен, көп жерде Сабина бұл сауалдарды жабық қалдырды. Ол экс-күйеуіне ешқандай реніші жоғын жасырмады: 

Осының бәрі менің өмірімде болып жатқанына қуаныштымын. Менің бұрынғы жұбайыма еш өкпем жоқ. Ол жақсы әке. Баласын қатты жақсы көреді. 

Бұрынғы жарымен әлі де қайта қосылуға мүмкіндігі бар-жоғын кесіп айта алмаған  спортшы алда не боларын ешқашан жария қылмайтынын алға тартты:

Мен ешқашан болашақта мынадай әрекетке барамын деп айтпаймын. Мен Құдай емеспін ғой. Алда не болатынын білмеймін. Ертеңгі күні жауап беретін нәрсеге уәде бергім келмейді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар