Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева жан сырын ақтарып, сахнадан не себепті көрінбей кеткенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі НТК арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді:
"Кәрі қыз бала таппас, тапса қоярға жер таппас" дейді ғой. Сол мақал мен туралы. Шыны керек, негізі бәрінде дұрыс емес түсінік бар. "Күйеуі қатал, күйеуі шығармай жүр" деген. Мен келін болар уақытта, осыдан 3-4 жыл бұрын ақырындап психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі таңда мен біреудің әйелімін. Біреудің анасымын. Біреуге келінмін...".