Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп, азаптап өлтірді деген Айзат Жұманованың қазасы туралы әпкесі Раушан Дәуренбекова жаға ұстатарлық деректермен бөлісті, деп жазады Alash.KZ.
Раушан Дәуренбекованың айтуынша, Айзатты азаптап өлтірген.
"Мәйітті көрген кезде шашының су екенін байқадым. Басын ұстап көргенде, шүйде тұсы былқылдап жатты. Жағының сынғанын байқадым. Екі тізесі түгел сырылған. Аяқтарының басы, саусақтарының үстінде тері жоқ. Тілерсегінде сырылған із бар. Сан етінде тері жоқ, құдды күйіп, күлдіреп түсіп қалғандай. Айзаттың аузын қарағанымда, тістің арасы түгел қан екен. Жағы сынғанда аузынан аққан қан қайда? Сыртқы жарақаттардың қаны қайда? Ештеңе жоқ. Бәрін жуып, тазалап, шомылдырып алып келген қызды", дейді әпкесі.