Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бәріміз кезекте тұрмыз! Артық сөйлемейік" - Дариға Бадықова тілге ие болу керектігін айтып, көпшілікке ескерту жасады

12:21, 08 қараша 2024 527

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын артық сөйлемеуге шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Бәріміз кезекте тұрмыз! Келесі кімнің кезегі екені белгісіз! Сол үшін артық сөйлемеген дұрыс-ау! Ең құрғанда, баламыздың алдын кесіп сөйлемейік. Тіліңнен көр", - деп жазды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, пікір жазды.

"Дариға әпке, ешкімнің сөзіне мән бермеңіз", "Қиындық болса қарсы тұра алатын, сүрінген жерден сынып кетпейтін, тек алға ұмтылатын, жамандықты сылып тастайтын қажырлы, қайсар, өжет мінез бар сізде. Бөспе сөз бен бос сөзге құмар, өтірік пен өсекке ғашық, іштері шірік, надан адамдарды есепке де алмаңыз. Ешқашан мойымаңыз, аққа Құдай жақ, бумеранг бар, еш сөз жауапсыз қалмайды", - деп жазды олар. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар