Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы алдағы сот процесі алдында видеоүндеу жариялап, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.
Фариза Алмазқызының мәлімдеуінше, бұрынғы күйеуі сот қарсаңында әлеуметтік желіде бұған дейін айтылған айыптаулардың негізсіз әрі жалған екенін алға тартып, өзін ақтауға тырысып жатыр. Осыған байланысты блогер келіншек актердің бұл әрекетін теріске шығарып, өзі мен отбасына қатысты жасалған қаралау әрекеттеріне жауап ретінде қолындағы айғақтар мен материалдарды көпшілікке ұсынды.
Бұған дейін Фариза Алмазқызы 25 тамызда өтетін соңғы сот отырысын күтіп отырғанын және іс бойынша әділ шешім шығатынына үміттенетінін білдірген болатын.
Тараптар арасындағы бұл дау желіде қызу талқыланып жатқанымен, бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріктірген уәждеріне қатысты түпкілікті құқықтық бағаны алдағы уақытта сот береді.
Фариза Алмазқызы: «Шыдамымның жетер шегі таусылды. Бұндай өтірік ақталу видеоларың өтпейді. Бәрібір жазаңды аласың», — деп атап өтті.