Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бәрі сатты, жалғыз қалдым…” - Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңындағы өлең жолдары жария болды (ВИДЕО)

19:01, 11 қараша 2025 396

Белгілі әнші, ҚР Халық Әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңында жазған өлеңін желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

“Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді” делінген жазбада қоғам қайраткерінің өз қолымен жазылған осындай шумақтары кездеседі:

“Елің көрер ертең-ақ,

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен,

Ғұмырымның қалғанын…”

“Кенет, өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!

Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын, теспеңдер!”

Бәрі сатты, жалғыз қалдым, 

Заңы солай аздықтың!

Ізсіз жаудан өсті тікен,

У боп шықты қастықтың.

Байқамаппын қызғанышты,

Залымдықты ескермей.

Қаніпезерлер бой көтерді,

Жемісі ғой жастықтың!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар