ҚР Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров Мұхтар Шахановтың ерлігі туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Депутат Мұхтар Шахановтың Кеңес Одағы тұсында Желтоқсан құрбандарын қалай қорғағаны жайында сөз қозғады:
«Біздің Ләззат Асанова апамыз қайтқаннан кейін бейсенбілігі бар, қырқы бар, жылы бар. Шешесі халықты жинап, дастархан жайған ғой. «Халық келіп көңіл айтатын шығар» деп… Сонда бәрі безген екен. Бір ғана адам келген екен. Ол - Мұхтар Шаханов. Мұхтар ағамыз туралы көп айтуға болады. Бірақ, бір ғана оқиғаның өзі неге тұрады… Совет үкіметінің мықты кезеңінде ешкімнен қорықпай, барып, көңілін сұрап, алдына келіп, еңіреп жылағаны - қандай батырлық».