Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бәрі өз қолымыздан шығады". Мирас пен Құралай Димаштың қарындасына ерекше сый тарту етті (ВИДЕО)

13:46, 09 тамыз 2025

Өнерлі жұп Мирас пен Құралай Димаштың қарындасына ерекше сый тарту етті, деп хабарлайды  Alash.kz.

Күні кеше баламыз Ермахан мен кіндік қызымыз Раушанның ұлағатты, үлкен тойы өткен болатын.
⠀
Раушантай, сыйлықтарымыздың бірін – осы әшекейді – саған шын жүректен сыйлап отырмыз ❤️ Бұл — жүректен шыққан, саған ғана арналған әдемі тілектің белгісі. Сұлулығыңа сұлулық қосып, әр күнің осы әшекейдей жарқырап өтсін деп тіледік.
⠀
Көзіқарақты қауым байқап жүрген болар, жақында біз өз қолымыздан шығатын, таза күмістен жасалатын әшекей бұйымдар брендін аштық.
⠀
Сол Quralay Brand-тің @kuralay_brand_jewellery алғашқы топтамаларының бірінен, арнайы саған арнап, ерекше дизайнмен жасаған бұл жиынтығымызды тарту еттік.

Ежелден күміс – апаларымыз бен әжелеріміз таққан, жамандық пен көзден сақтайтын, тазалық пен шынайылықтың белгісі саналған. Сол қасиет сенің өміріңде де әрдайым жолдас болсын! - деп жазды олар.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар