Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бәрі жақтырмауы мүмкін»: Абай Бегейдің 16 жасында тұрмыс құрған қызы жан сырын айтты (ВИДЕО)

18:01, 06 қазан 2026

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат ерте жаста тұрмысқа шығуының мән-жайын айтып, отбасылық өмірі туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.  

Сымбат Абайқызының сөзінше, ол ешқашан жас кезінен отбасын құрамын деп жоспарламаған, ал оның қазіргі жары оны келісімінсіз алып қашқан екен.  

Тұрмысқа шығу оқиғасын еске алған бойжеткен:

«Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Мен күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Қазір күйеуімді бәрі жақтырмауы мүмкін, бірақ айтайын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Мен мұнымен желіде бөліскен жоқпын», — деп ашығын айтты.  

Ол тіпті алғашқыда бұл жағдаймен келіспей, алып қашқан үйден қашып кеткенін де жасырмады:

«Бірақ Мұстафа мені алып қашып кеткеннен кейін мен оның үйінен қашып кеткен болатынмын. Содан кейін олар әкемнің алдына келіп, рұқсат алды».  

Бүгінде орын алған жағдайға өкінбейтінін білдірген Сымбат:

«Ешқандай өкініш жоқ. Күйеуім екеуміз қызықтың бәрін бірге көріп жүрміз. Маған ешқандай шектеу қоймайды. Ал атам мен енем керемет жандар. Есесіне 18 жасымда балам бар. Үйде қамалып отырған жоқпын», — деп өз сөзін түйіндеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар