Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бәрі біткеніне Құдайға шүкір»: Путин Украинамен бейбіт келісімге келген соң не дейтінін жеткізді

20:13, 05 маусым 2026

Бүгін Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жолдаған еді. РФ басшысы арадағы қақтығыс аяқталып, бейбіт келісімге қол қойылған сәтте ең алдымен ризашылық сөздері айтылуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Alash.kz.

Кремль басшысы бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен баспасөз жиынында бөлісті. Оның айтуынша, егер Киев Анкориджде талқыланған келісім шарттарына көнсе, дағдарысты тез арада шешуге мүмкіндік бар, сондай-ақ бұл ретте Мәскеу де кейбір талаптарынан бас тартуға әзір.

«Ресей Анкориджде талқылаған ымыралармен келіседі», - деп қадап айтты Владимир Путин.

Ресей президенті болашақта бейбітшілік орнаған сәтте тараптардың бір-біріне не айтатынына қатысты өз ойын білдірді.

«Қақтығыс аяқталса, бір-бірімізге не айта алатынымызға келер болсақ, ең болмағанда «Бәрі біткеніне Құдайға шүкір» деуге болады және оны айтуымыз да керек», - деді РФ басшысы.

Сонымен қатар, Кремль Украина президенті Владимир Зеленскийдің РФ басшысына жолдаған ашық хатынан хабардар екенін жеткізді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Иә, біз көрдік. Ол хатты президент іс-шарада болған кезде жариялады», - деді Песков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар