Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бар өмірін тұрмыс пен балаларына арнаған ата-анасын шетелге жіберген қыз елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

10:28, 29 тамыз 2024 1816

Әлеуметтік желіде қарт ата-анасын шетелге апарып қыдыртқан қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Видеода “Ата-анаңның бізге құртпа, деген сөзіне сеніп жүрсің бе?” деп жазылған сөзі бар. Қаралым саны миллионнан асып кеткен бұл видео көптің ыстық ықыласына бөленді.

26 жастағы Салтанат ата-анасына шетелге тұңғыш рет саяхаттау мүмкіндігін сыйлады. Бортсерік болып жұмыс істейтін ол олардың көптен күткен арманын орындап, Таиландқа аттандырды.

“Өмірін балаларына арнаған ата-анасы табиғаттың сұлулығына, тай қонақжайлылығына тәнті болды, әсіресе пілдермен экскурсия ерекше әсер қалдырды”,- деді қызы. 

Енді Салтанат ата-анасын қасиетті Меккеге апарып, олардың армандарын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар