Танымал музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы қайтыс болған күйеуіне әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Alash.kz.
"Сенсіз өткен 40 күн. Әрине, кейінірек таңертең ерте тұрып жақсы көңіл-күймен, бақытты боламын, күлімдеп, қуанамын! Алла Тағала ғұмыр бергенше өмір сүремін! Мен көктем мен жақсы ауа-райына риза боламын, әртүрлі ұсақ-түйектерге және басқалардың барлығына қуанатын боламын, бірақ бүгін емес, өйткені бүгін мен сені мәңгілікке шығарып салып жатырмын", - деп жазды ол желідегі парақшасында.