Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БАҚ саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті тапсырылды

16:08, 28 маусым 2025 108

Бүгін Астанада БАҚ қызметкерлері күніне орай еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды  Аlash.kz порталы.

Пәтер кілтін алған БАҚ саласының 66 қызметкері елордада жаңадан бой көтерген зәулім үйлердің біріне жуырда қоныстанады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БАҚ қызметкерлеріне сертификаттарды ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

2023 жылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес журналистерге баспана беру іске асырылып келеді. Бұл өз кезегінде жақсы дәстүрге айналды. 2023 жылы 65 пәтер тапсырылса, 2024 жылы 67 пәтер берілді. Ал биыл 66 пәтерді тапсырмақпыз, - дейді президент баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Желдібай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар