Бапи: Қазақстанда биыл бюджет тапшылығы болады
14:02, 01 наурыз 2024
Фото: nege.kz
Қазақстан биыл Ұлттық қордан тағы 3,6 трлн теңге алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мәлімдеді.
Оның айтуынша,Қазақстанның биылғы шығыны – 24 трлн теңге. Оның 16,5 трлн теңгесі табысымыз, 3,6 трлн теңгені Ұлттық қордан алынады, 4 трлн теңге құнды қағаздарды шығарудан түсіп отыр. Яғни, тапшылық 7,5 трлн теңгені құрап отыр.
Алайда, биыл бюджет тапшылығы болуы әбден мүмкін деген депутат Үкімет басшысы Бектеновке бірнеше ұсыныс айтқан:
1. Алдымен квазимемлекеттік сектордың таза пайдасын бюджетке беретін уақыт келді. Осы секторға жақсы аналитикалық талдау жасап, дұрыс жолға қойса, қазынамызға ең кемі 3 трлн теңге түсіруге болады. Бұл – бір.
2. Екіншіден, квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесі мен механизмдерінде әлі де ашықтық жоқ.
Сондай-ақ көптің сұрағы: «Ұлттық компанияларға құны 1,6 миллиард теңге болатын чартерлік рейстер неге қажет», деді депутат.
Соңғы жаңалықтар
Қуанышты хабар! Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы жағымды ақпарат тарады
19:36, 16 тамыз 2026
«Сенесіздер ме? Ұмытпаппын…»: Айнұр Тұрсынбаева ел естімеген естелігін айтты (ВИДЕО)
17:04, 16 тамыз 2026
«Әділдік орнауы үшін…»: Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы өкінішін білдірді (ВИДЕО)
10:37, 16 тамыз 2026
Қайғылы хабар: Тобыл өзеніне әкесі мен кәмелетке толмаған қызы батып, көз жұмды
09:47, 16 тамыз 2026