Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Банкрот болдым...". Танымал бизнес коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі қиын кезең жайлы жазды

18:00, 16 мамыр 2026

Танымал бизнес коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі қиын кезеңдердің бірі — банкрот болған сәті туралы ашық жазба жариялады. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Айнұр Тұрсынбаева сторисінде «Банкрот болдым» деген жазумен суреттер жариялап, кәсіп жолындағы ауыр кезеңдерін еске алды. Оның айтуынша, бір кездері бизнес бастау оңай болмаған, түрлі кедергілер мен қаржылық қиындықтарды бастан өткеруге тура келген.

Кәсіпкер өз жазбасында алғаш қадам жасағанда үлкен сынақтарға тап болғанын, тіпті толықтай банкротқа ұшырағанын да жасырмады. Соған қарамастан, ол мойымай, қайтадан еңбектеніп, алға ұмтылғанын айтты.

Айнұр Тұрсынбаеваның сөзінше, дәл сол табандылық пен тынымсыз еңбек оны қазіргі жетістігіне жеткізген. Бүгінде ол өз тәжірибесі арқылы көпшілікке мотивация беріп, қиындыққа қарамастан мақсаттан бас тартпауға үндеп келеді.

Ол қандай жағдай болса да жарты жолдан кері қайтпау керектігін айтып, сәтсіздік уақытша құбылыс екенін жеткізді. Бизнес коучтың бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның ашықтығы мен шынайылығына оң бағасын беруде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар